Жаңалықтар
Магистратураға түсуге 17 мың жас маман өтініш берді
- авторjambylinfo.kz
- 17 тамыз, 2022
- 220
Магистратураға түсуге 17 мың жас маман өтініш берді
Құжат қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүргізілді. Конкурс нәтижелері 25 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Жалпы, 2022-2023 оқу жылына магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Грант конкурсына құжат жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы дәстүрлі форматта және виртуалды комиссиялар арқылы онлайн қабылданды.
«Бірнеше жыл қатарынан өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мен «Бизнес, басқару және құқық» сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақта қазақ тілі және әдебиет, шет тілі мұғалімдері, инженерлер және дипломаттар арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болады деген болжам бар», - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Комиссия құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді.
Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында және әлеуметтік желілерінде 25 тамызға дейін жарияланады. Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Білім беру гранттары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ жұмыс берушілердің кадр қажеттілігі бойынша деректері негізінде бөлінген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда бір тәулікте 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 17:17