"Махаббат апарады Гавайға": жас әнші Мәди Қадыров шаңырақ көтерді
Әншінің тойы кеше Қарағанды қаласында өткен
"Девочка из города Караганда", "Махаббат апарады Гавайға" секілді танымал әндердің орындаушысы жас әнші Мәди Қадыров отау құрды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Мәди Қадыровтың таңдауы Ботакөз есімді аруға түскен.
Жас өнерпаздың тойына қазақ эстрадасының белгілі өкілдері жиналған.
Атап айтқанда, халық әртісі Майра Ілиясова, Қыдырәлі мен Қарақат, Құрмаш Маханов, Нұржан Әлімжан, Зарина Омарова бар.
Әлеуметтік желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, жүрекжарды тілектерін жазған.