Макронды шапалақпен ұрған ер адамды қандай жаза күтіп тұр?
Макронды шапалақпен ұрған ер адамды қандай жаза күтіп тұр?
Президент Эммануэль Макрон кеше бір азаматтың бетінен шапалақпен тартып жібергеніне тоқталып, халықты келеңсіз жайға мән бермеуге шақырды,. Және радикалды көзқарастағы адамдардың қоғамның назарын өзіне аударуға жол бермеу керектігін айтты. Ал осы елдің премьер-министрі Жан Кастекс президент Макронға қол көтеруді демократияны қорлау деп, оны айыптауға шақырды. Жан Кастекс, Франция премьер-министрі: Президент Эммануэль Макронға жасалған шабуылға байланысты елге мынаны айтқым келеді. Мемлекет басшысына қол жұмсау демкоратияны қорлау дер едім. Демократия бұл ашық пікірсайыс, диалог, заңды түрде пікір білдіру. Сондықтан ашық қоғамда күш қолданып, тілмен жәбірлеуге жол берілмеуі тиіс. Президентке қатысты оқиға бәрімізді алаңдатып отыр. Біз мұндай өшпенділік әрекеттерді айыптауымыз керек. Еске сала кетейік, президент Эммануэль Макронмен оқыс оқиға кеше осы елдің Дром департаментінде болды. Мемлекет басшысы коронавирустан жапа шеккен мейрамхана саласының өкілдерімен кездесу үшін көліктен шығып қоршаумен бөлінген бір топ адамға жақындайды. Осы кезде бір ер адам Макронды қолынан ұстап тұрып, бетінен шапалақпен тартып жібереді. Президент күзеті шапшаң қимылдап, бұзақыны ұстайды. Іске қатысты екі адам қамалды. Мемлекет басшысына қол көтерген адам бас бостандығынан айырылып, 45 мың еуро айыппұл төлеуі мүмкін.