Жаңалықтар

Мал ұрлығының алдын алу бойынша

Мал ұрлығының алдын алу бойынша

Апта сайын полицейлер жергілікті атқарушы органдармен және ветеринариялық станция қызметкерлерімен бірлесіп, 3 мобильді топ құрамында Талас ауданының аумағында мал ұрлығы деректерінің алдын алу және анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Іс-шаралар барысында 4760 автомобиль мен жүк көлігі тексеріліп,   28 жүргізуші тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдағаны үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аудан аумағында 186 шаруа қожалығы, мал қыстаулары және 3 мал сою орны тексерумен қамтылды, сондай-ақ тұрақты негізде мал басының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан аумағында ауыл шаруашылығы малдарын жаю ережелерін бұзған 82 адам анықталып, ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Талас ауданының  полиция бөлімі мал ұрлығының алдын алу, мал қораларда қауіпсіздік шараларын күшейту, сондай-ақ жайылымдарда малды қараусыз қалдырмау үшін чиптеу, сайдинг, таңбалау  жүргізу қажеттігі туралы ескертеді.