МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛСА, ЕТ ӨНІМДЕРІ АРЗАНДАУЫ МҮМКІН – ЕРБОЛ ЕСЕНЕЕВ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛСА, ЕТ ӨНІМДЕРІ АРЗАНДАУЫ МҮМКІН – ЕРБОЛ ЕСЕНЕЕВ
Ербол Есенеевтің айтуынша, статистика деректері нақты жағдайға сәйкес келе бермейді. Етті алып қарасақ, Қазақстан жылына шамамен 1,2-1,3 млн тонна ет өндіреді.
Сондай-ақ, сарапшы Тамақтану академиясының академигі Төрегелді Шармановтың мәлімдемесіне сүйене отырып, Қазақстан аумағында 40-50 млн басқа дейін жылқы ұстауға болатынын атап өтті. Мұның бәрі өндірістің бірнеше есе ұлғайта алады.
Бұдан бөлек маман Қазақстандағы құс етіне қатысты жағдайға тоқталды. Спикер құс еті көлемінің жыл сайын өсіп жатқанын атап өтті. Қазақстанда құс етін тұтыну жылына 450 мың тоннаға жуықтаса, оның 70 пайызын отандық өндірушілер шығарады. Алайда, импорттың да үлесі бар. Бірақ тағы 5-6 жылдан кейін еліміз өзін толығымен қатамасыз ете алады.
Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, Қазақстанда мал шаруашылығы – дамытуға қолайлы әрі маңызды сала.
Сондай-ақ, палата өкілі ет бағасы нарық заңымен реттелетінін айтты. Алайда, бағаны төмендету үшін оны мүмкіндігінше көбірек өндіру керек.