Жаңалықтар

"Мансап орталықтары" жұмыссыз азаматтарды жұмысқа шақырады

Жолдаманы жергілікті "Мансап орталығы береді

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту үшін "Мансап орталықтары" 12 айдан аспайтын қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оған есепте тұрған жұмыссыздар, сабақтан бос уақытында студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ қызметінің тоқтауына байланысты жұмыссыз жүрген азаматтар қатыса алады.

"Жолдама алу үшін жергілікті мансап орталығына хабарласу керек",- делінген ведомствоның хабарламасында.