Министрдің жазуынша, шектеу мерзімін 6 айдан 12 айға дейін қоюға болады
"Facebook желісінде құмар ойындарға тәуелді адамдардан және олардың туыстарынан көмек немесе қандай да бір кеңес сұрайтын хаттарды жиі аламын. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы құмар ойындарға тәуелділік өскелең ұрпаққа орасан зор зиян келтіретінін айтып, лудомания бойынша заңның қабылдануын жеделдетуді тапсырды," – деп жазды министр.
Сондай-ақ Бағдат Мусин қоғамда көтеріліп жатқан мәселенің күрделілігі мен ауқымын ескеріп, Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, Egov mobile мобильді қосымшасында құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге мүмкіндікті шектеу үшін жаңа сервис іске қосылатынын жазған.
"Шектеу мерзімін 6 айдан 12 айға дейін қоюға болады. Бұл қызметті алатын азаматтар автоматты түрде өзін-өзі шектейтін тізімге алынады және Қазақстанда лицензиясы бар ойын мекемелері қызметін қолдануды болдырмайтын құралмен қамтамасыз етіледі," – деп жазды Бағдат Мусин.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз