Масаң күйде көлік басқарған жедел жәрдем жүргізушісі 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Қызылорда облысы, Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалған
Жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғаны үшін айыпталды,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.
Бұл оқиға Самара – Шымкент тасжолында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті. Құжаттарды тексеру барысында полицейлерге күдікті көрінген жүргізуші өзін біртүрлі ұстаған.