"Денесі 6 ай өткенде табылды": Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының денесі жер қойнына тапсырылды
- авторjambylinfo.kz
- 21 шілде, 2024
- 1.5k
Осыдан 6 ай бұрын Павлодар облысындағы Майқайың алтын кен орнында оқыс оқиғадан қаза тапқан құтқарушы Айдос Шаймерденді жақындары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
“Абыз жұрты Айдос Шаймерденді соңғы сапарға шығарып салды. 36 жасында бақилық болған құтқарушының артынды бес баласы қалды. Марқұмның денесі 6 ай 15 күн өткен соң барып табылды. Автобус жүргізушісі Әйіп Тлеубергенді іздеу жұмыстары жалғасуда”, деп жазды Болат Аманбаев.
Еске салайық, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған еді. Автобуста жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Әлі бір құтқарушынының денесі табылмай жатыр. Ал құқарушы Айдос Шаймерденнің денесі 6 ай, 15 күн өткенде яғни 19 шілде күні табылған болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қайрат Нұртастың отбасы тағы бір бизнес бастады
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






