Майқайыңдағы апат: Құтқару жұмыстары тоқтауы мүмкін бе?
Майқайыңдағы апат: Құтқару жұмыстары тоқтауы мүмкін бе?
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі бір ай бұрын болған Майқайың кен орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылардың өміріне қауіп төнгенін хабарлады. Дәлірек айтсақ, қазір аумақтағы опырылу орнының барлық периметрі бойынша жарықтар пайда болған, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Азаматтық құтқару қызметінің мамандары бұл өте қауіпті жағдай екенін айтып отыр.
Яғни, құтқарушылардың өміріне қауіп төнген жағдайда кен орнындағы жұмыс уақытша немесе толықтай тоқтауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, ертең, 4 ақпан күні Майқайыңалтын» АҚ аумағында төрт адам мініп бара жатқан автобустың кен қазылған орынға құлап кеткеніне тура бір ай болады. Апаттан екі адам қаза тапқан, тағы екі адамның тағдыры беймәлім.