Майқайыңның алтынын игеріп отырған кәсіпорын аймаққа бір де бір әлеуметтік нысан салып бермеген – депутат
- авторjambylinfo.kz
- 17 қаңтар, 2024
- 773
«Майқайың Алтын» ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, кәсіпорын құрылған уақыттан бері мұнда 16,7 млн тонна кен өндірілген. Бұл дегеніміз – 80 тонна алтын, 1 240 тонна күміс, 204 мың тонна мыс, 300 мың тонна мырыш. 13 млн тоннадан астам кен кәсіпорынға қарасты кен байыту фабрикасында қайта өңделген. Сөйте тұра, «Майқайың Алтын» өз қаржысына кентте ешқашан тұрғын үй салмаған, балалар алаңы, спорттық немесе әлеуметтік нысандар тұрғызбаған», - дейді Жарқынбек Амантайұлы.
Депутат акционерлік қоғамның 100 пайыз акциясы Кипр Республикасында орналасқан «Rence Enterprises LTD» компаниясына тиесілі екенін, ал ол компания Милан Попович деген бизнесменге тиесілі екенін еске салды.«Еліміздің байлығына кенелген бұл бай-патшалардың ісін кім қадалауға алады? Осыған байланысты, біріншіден, комиссияның жұмысын ашық әрі жұртшылықпен, жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып үйлестіру керек. Екіншіден, осы маңдағы барлық шахталық жұмыс жүргізілген аумақтарды анықтап, оларды қауіпсіздік ережелеріне сай оқшаулау керек. Үшіншіден, Шахтаның маңында орналасқан шағын ауылдың тұрғындарына барлық қауіпсіздік жағдайын қарастыру қажет. Төртіншіден, елімізідің байлығын пайдаланып, бірақ әлеуметтік көмекті дер кезінде көрсетпей отырған шетелдік компанияларға Заң жүзінде қатаң шаралар қолданылып ескерту жасалуы қажет», - дейді депутат.
Естеріңізге сала кетейік, «Майқайың Алтын» кәсіпорнының шахтасындағы апаттан екі адам қаза тауып, екі адамның тағдыры әлі беймәлім күйде қалып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз