Жаңалықтар
Майтөбеде заманауи техникамен жабдықталған өрт депосы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 сәуір, 2025
- 211

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жамбыл облысы Майтөбе ауылында әмбебап өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өрт сөндіру бекеті екі шығуға арналған, 8 мыңға жуық адам тұратын бес елді мекенге қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, 15 мыңнан астам гектар ауыл шаруашылығы алқаптары мен өңірдің су айдындарын қамтиды.
Жеке құрамға жедел қызмет көлігінің, өрт сөндіру автоцистернасының және құтқару қайығының кілттерін Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев табыстады. Депо заманауи техникамен, арнайы киімдермен және жеке қорғаныс құралдарымен толық жабдықталған.
Шара соңында қатысушылар өрт сөндіру депосының аумағында ағаш отырғызды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында 11,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 мамыр, 2025