Жаңалықтар

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбеков ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбеков ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды

ҚҰРМАНБЕКОВ АРСЛАН ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ

– азаматтық қорғаныс сержанты 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында дүниеге келген. ▪️Еңбек жолын Алматы қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы ретінде бастаған. ▪️Алматы қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №1 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші, аға өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарған. ▪️Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы лауазымына 2019 жылы тағайындалған. ❗️Биыл 8 мамырда Арслан Құрманбеков Іле-Алатау табиғи паркінің тау бөктеріндегі өртті сөндірген жедел топтың құрамында қызметтік борышын атқара жүріп, қайғылы жағдайда қаза тапты. _ _ _