Жаңалықтар

MediaLab журналистика орталығы ашылды

MediaLab журналистика орталығы ашылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ҚР Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбекпен бірге MediaLab журналистика орталығының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Жамбылинфо  El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтында орналасқан орталықта медиа мамандардың біліктілігін арттыруға қажетті жағдай жасалған.

Орталықта журналистика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге де әдістемелік қолдау жасалады.