дүйсенбі, 25 қараша, 2024 5:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мекеме қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстануда

Мекеме қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстануда
ашық дереккөзі
Мекеме қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстануда
Салауатты өмір салты-саулық кепілі. Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі демекші, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59-мекемесінің жеке құрам қызметкерлері «Muscle Gym» спорт кешенінде дене шынықтыру жаттығуларын жасап, спортпен шұғылдануда.  width= Сонымен қатар, қоян-қолтық ұрыс техникасын, суық қарумен және оқ қаруымен шабуыл жасалған жағдайдағы қорғаныс тәсілдері де үйретіліп жатыр. Тынымсыз жаттығулар ширақтық пен шымырлыққа үйретеді, қырағылық пен табандылыққа баулиды.  width=Құқық қорғау салаларындағы қызметкерлердің бойынан патриоттық рух пен спортқа деген адалдықтың болуы айрықша атап өтуге тұрарлық қасиет. ҚАЖ саласында қызмет етіп, қауіпсіздігімізді қамтамасыз етумен қатар, спортқа адалдық таныту ғажап іс. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар