Мекеме қызметкерлері сенбілікте
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы Ж.Ж.Қосжановтың бұйрығымен бастаған тазалық жанашырлары аз уақыттың ішінде сенбілік ұйымдастырып, айналаны тазартып, мекеменің аумағын тазартуға тер төкті.
Мекемеде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына қызметкерлер бір кісідей атсалысып, әрбірі бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді
Бұл шара мекеме қызметкерлерінің табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Жалпы әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс. Қаламыздың тазалығы сенбілік шараларымен шектеліп қалмауы керек. Сондықтан әрбіріңізді тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың ажарлана түсуіне үлес қосуға шақырамыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа заң: Дәрігерлердің қателігі үшін науқасқа ақы төленеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024
Жаңалықтар
Ақтауда қатты жел соғып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024