Жаңалықтар

Мекемедегі Алғыс айту күні

Мекемедегі Алғыс айту күні

“Алғыс айту күні-Қазақстан халқының бір-біріне құрмет білдіріп, алғыс айтатын күні. Еліміз 2016 жылдың 1-наурызынан бастап бұл күнді атап өтуде. “Алғыс айту” күні өткенге тағзым етіп, барша халықтың басынан кешкен қиындықтарда бір-біріне көрсеткен бірліктері үшін рахмет айтылады. Бұл мереке өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген құрмет сезімін оятады. Ұлтаралық қарым- қатынасты нығайтуға ықпал ету мақсатында, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде мекеме психологтары “Алғыс айтып Үйрену” атты тренингтерін және бейнероликтер көрсетіп, жазасын өтеушілердің алғысына бөленді.