Жаңалықтар

Меккеге жалған жолдама сатқан жігіт ұсталды

Меккеге жалған жолдама сатқан жігіт ұсталды

Абай облысының тұрғындарына 26 жастағы жігіт хабарласып, өзін туристік фирма қызметкерімін деп таныстырған. Сендіру үшін келісімшарт пен брондау парағын жіберген.

Бірақ қажылыққа ешкім бара алмады. Алаяқ 1 миллион теңгеден (2,2 мың доллар) астам пайда тауып үлгерген.