Жаңалықтар

Мексикада 35 мигрант тірідей өртеніп кетті

Мексикада 35 мигрант тірідей өртеніп кетті

Мексикада 35 мигрант тірідей өртеніп кетті Мексиканың Сьюдад-Хуарес қаласындағы миграциялық қызмет орталығында өрт болды. Салдарынан 35 мигрант көз жұмып, тағы 100 шақты адам жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы газдан уланған, кейбірінің жағдайы өте ауыр. Жергілікті БАҚ өрт АҚШ-қа заңсыз жолмен өтпек болған мигранттарды ұстау абақтысынан шыққанын жазуда. Өртке аталған федералды көші-қон орталығындағы мигранттар себеп болған көрінеді. Белгілі болғандай, бір топ венесуэлалық орталықтан қашып шығу үшін матрастар мен киім-кешек, жиһаз жинап, өрт қойған.