Мектеп оқушылары 1 қыркүйектен бастап жаңа стандарт бойынша тамақтанады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
Министрдің айтуынша, мемлекет басшысы өз тапсырмаларының бірінде елімізде 1,7 млн оқушы қамтамасыз етіліп отырған тегін мектеп тағамдарының сапасын арттыру қажеттігін атап өткен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Білім министрлігімен, бейінді отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, ғылыми деректер мен халықаралық ұсынымдардың негізінде мектепте тамақтанудың жаңа стандартын әзірледі. Ол 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елдің барлық білім беру ұйымында күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, диетаны жаңартумен қатар, министрлік мектеп асханаларының тамақтану қауіпсіздігі мен санитариялық жағдайын бақылауды күшейткен.
Сондай-ақ министр мектеп асханаларына алдын ала ескертусіз тұрақты мониторинг жүргізілетінін де айтты.