Мектеп оқуылығын планшет алмастырмақ
Мектеп оқуылығын планшет алмастырмақ
Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов кітаптарды электронды форматқа көшіріп, оқушылардың ауыр сөмкелерді тасу мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі
. Әлихан Смайылов үкімет отырысы барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдаған. Үкімет басшысы министрлерге оның шеңберінде 800 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын еске салды.
Сонымен қатар, ол оқу процесін цифрландыру үрдісін жеделдету қажет екендігін атап өтті.