Жаңалықтар

Мектеп салатын инвесторларға жерді тегін беру керек – депутат

Мектеп салатын инвесторларға жерді тегін беру керек – депутат

Бұл туралы сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылға қарай мектеп орындарының тапшылығы шамамен 500 000 орын болуы мүмкін. Депутат бұл мәселенің бүгінгі күні әсіресе өткір тұрғанын атап өтті. Сенатордың айтуынша, қазір елімізде 7500 мектеп болса, оның 169-ы үшауысымды, 5068-і екіауысымды мектеп.

Депутаттың айтуынша, бүгінде еліміздегі 378 жекеменшік мектепте 7900 мұғалім жұмыс істеп, 144 мың оқушы білім алып жатыр. Алайда, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне қарамастан, мемлекеттік және жекеменшік оқу орындары арасында кейбір құқықтық теңсіздікке жол берілген.

Дереккөз:http://baq.kz