сенбі, 18 қаңтар, 2025 0:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мектеп шыршадан құлаған мұғалімнің барлық шығынын өтейді

Мектеп шыршадан құлаған мұғалімнің барлық шығынын өтейді
Коллаж: Jambylinfo.kz.
Себебі, жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді

Еңбек инспекциясы Семейде шыршаны безендіріп жатқанда құлаған мұғалімнің ісі бойынша тексеруді аяқтады. Тексеру нәтижесінде жұмыс берушінің кінәсі толық дәлелденген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Бұл туралы Абай облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаментінің бөлім басшысы Қазақстан телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

«Бұл жерде жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталды. Ал мұғалім  Қуат Айтқалиевтің еш кінәсі жоқ. Сондықтан комиссия солай шешті. Жұмыс беруші мұғалімге жоғалған жалақысын толық көлемде төлеуге және ақылы түрде жүргізілген емнің барлық шығындарын өтеуге міндетті», - деді  ол.

Іс материалдары полицияға жіберілді, жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

 

 

 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар