Жаңалықтар

Мектеп шыршадан құлаған мұғалімнің барлық шығынын өтейді

Себебі, жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді

Еңбек инспекциясы Семейде шыршаны безендіріп жатқанда құлаған мұғалімнің ісі бойынша тексеруді аяқтады. Тексеру нәтижесінде жұмыс берушінің кінәсі толық дәлелденген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Бұл туралы Абай облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаментінің бөлім басшысы Қазақстан телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

Іс материалдары полицияға жіберілді, жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.