Жаңалықтар

Мектеп жанында күтіп жүрген: Павлодар облысында ер адам 12 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

Мектеп жанында күтіп жүрген: Павлодар облысында ер адам 12 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

Ақсу қаласының 26 жастағы тұрғыны 12 жасар қызды оральдық жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, оны мектеп маңында аңдып жүрген, – деп хабарлайды jambylinfo.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап  Қазір бұл істі полицейлер зерделеу үстінде. Белгілі болғандай, ер адам оқушы қызбен әлеуметтік желіде танысқан. Ол баланы оральдық жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, содан кейін мектеп жанында күтіп жүріп, қайталауды талап еткен. Жасөспірім болған жайтты анасына айтып, анасы полицияға арыз жазды. Ақсу қаласының білім бөлімі бұл ақпаратты растады.

Ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.