Жаңалықтар

Мектептер сабақ ұзақтығын 35 не 40 минутқа дейін қысқарта алады – Ғани Бейсембаев

2021 жылға дейін сабақтың ұзақтығы 40 минут болса, кейін 45 минут болды

Әрбір мектеп оқушыларды оқытуға арналған сағат санын дербес белгілей алады. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Informburo.kz. сілтеме жасап. 

Ол 2021 жылға дейін сабақ ұзақтығы 40 минут болса, кейін 45 минут болғанын еске салды. 

Журналистің "Мектептердің сабақ санын қысқартуға мүмкіндігі бар ма?" деген сұрағына министр оң жауап берді.