Жаңалықтар
Мемқызметшіні қосымша жұмысқа жеккендерге айыппұл салынады – агенттік
- авторjambylinfo.kz
- 31 наурыз, 2023
- 260
Мемқызметшіні қосымша жұмысқа жеккендерге айыппұл салынады – агенттік
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Ведомство басшысы мемлекеттік қызметшілер тарапынан шамадан тыс үстеме жұмыс бойынша шағым жиі түсетінін мәлім етті.
Ал агенттік төрағасының орынбасары Айнұр Серғазиеваның айтуынша, қазір қызметшілерге арналған цифрлық куәліктер әзірленген. Ол арқылы жұмыскердің қай уақытта офиске келгенін және қашан қызмет орнынан шыққанын білуге болады. Тиісінше бұл ақпараттар орталықтандырылған Кіруді бақылау және басқару жүйесіне (КББЖ) түседі.
«Біз барлығын КББЖ арқылы бақылайтын боламыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, біздің қызметкерлер бірінші басшыға хабарлама жібереді. Мұндай жағдай бірінші рет болса, ескерту жасаймыз. Ал қайталанса, онда әкімшілік жауапқа тарту, яғни айыппұл салу шаралары қарастырылуда», - деп тоқталды Дархан Жазықбаев Парламент Сенатының депутаттарымен өткен кездесуде.
Еске салайық, бұған дейін Еңбек кодексіне бірқатар өзгеріс енгізу жоспарланып отырғанын хабарлап едік. Атап айтқанда, жұмыс беруші қызметкерді мейрам күндері жұмысқа шығару үшін келісімін алуы керек. Сәйкесінше, жұмысшылар Еңбек кодексіне енгізілген осы өзгерісті алға тартып, кестеден тыс жұмыстан бас тарта алады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала