Жаңалықтар

Мемлекет 4,5 мыңға жуық студенттің жатақхана ақысын субсидиялайды

Мемлекет 4,5 мыңға жуық студенттің жатақхана ақысын субсидиялайды

Бір студент үшін төленетін субсидия мөлшері жылына 29 айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Ашық НҚА порталында көмекке мұқтаж студенттердің жатақханада тұру шығыстарына өтемақы беру туралы қаулы жобасы жарияланды. Бірінші кезеңде мемлекеттік әлеуметтік көмек жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттерге, мүгедектігі бар балаларға беріледі. Құжат 26 сәуірге дейін талқылауда болады.