Жаңалықтар

Мемлекет басшысы аграрлық бизнес өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы аграрлық бизнес өкілдерімен кездесті

Жиында ауыл шаруашылығын дамытудың түйткілді мәселелері мен перспективалары ашық талқыланды. Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қаражат бөлу мен пайдаланудың тиімділігі, жер және су ресурстарын әділ бөлу мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Аграрлық бизнес өкілдері ауылдарда өмір сүру сапасын арттыру, жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ кадр даярлау қажеттігін атап өтті. Президент Үкіметке айтылған барлық ұсынысты назарға алуды және кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып, ауыл шаруашылығының жай-күйіне мұқият талдау жүргізуді тапсырды.