жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Алматы әкіміне шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үй салуға мораторий енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Алматы әкіміне шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үй салуға мораторий енгізуді тапсырды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады.

  Дархан Сатыбалды шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Биылғы бірінші жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,4 пайызға артты.

Әкім қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды теңгерімді бөлуге және қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет берді.

Аудандар арасындағы тиімді байланыс пен қоғамдық көлік қызметін жақсартатын транспорт жүйесін құру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкіміне бірқатар тапсырма берді:

   Шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес.

  Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар