Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент жұртшылығымен кездесуінде сөйлеген сөзінен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент жұртшылығымен кездесуінде сөйлеген сөзінен

Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді; 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды; қала бюджеті 4 есе өсті; қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты; аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды; соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді; соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды; инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді; жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі; Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған; қалада соңғы екі жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды.