Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.