Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.