Мемлекет басшысы Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайға қатысады
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда
2023 жылы – Түркістанда
2024 жылы – Атырауда өтті