Мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді
Мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді
Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды. Президент елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатқанын атап өтті.
Президенттің айтуынша, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, шетелдерде де талқыланып жатыр.
Мемлекет басшысы қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселесіне баса мән беру керек екенін айтты.
Мемлекет басшысы халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайту маңызды міндет екенін айтты.
Этносаралық қарым-қатынас мәселесі әрдайым өзекті болып қала береді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы рухани құндылықтарымызды сақтау маңызды екеніне назар аударды.
Президент халықтың тұрмыс сапасын арттыру Үкімет пен облыс әкімдерінің ең басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы азаматтарымыз елімізде оң өзгеріс болып жатқанын сезінуі қажеттігіне тоқталды. Ол үшін игі бастамалардың мән-маңызын халыққа ұдайы айтып отырған жөн.