Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қаңтар, 2025
- 83
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясына бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақылбек Күрішбаев: Ұлттық ғылым академиясының былтырғы атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады;
2024 жылы отандық ғылымның жағдайын бағамдап, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындау мақсатында жүргізілген кешенді жұмыс жөнінде мәлімет берді:
былтыр бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көзделген 113 ғылыми-техникалық тапсырмаға сараптама жүргізілген, сондай-ақ 3 интеграцияланған пәнаралық ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленген.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның әлеуетін арттыру үшін одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Таяуда Ұлттық ғылым академиясына Президент жанындағы жоғары ғылыми ұйым мәртебесін беретін Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке аталған Жарлықты жүзеге асыруға қатысты құқықтық мәселелерді жеделдету туралы тапсырма берілді.
Сондай-ақ ғылымды қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды. Жас ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау күшейтілді. Президенттің тапсырмасымен оларға баспана беріліп жатыр.
«Жастарды бопсалаған». Павлодарда қылмыстық топ ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп шыршадан құлаған мұғалімнің барлық шығынын өтейді
- авторИндира Тәліпқызы
- 17 қаңтар, 2025