Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Нұрлан Ноғаев

: ▪️Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы баяндады; ▪️өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтты; ▪️ауызсу тапшылығын шешуге қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімдеді. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылатынын, соның нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге арттыру мүмкін болатынын жеткізді; ▪️Ақтау қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру жөнінде айтты; ▪️Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) күрделі жөндеу жүргізу мәселелері туралы баяндады: – МАЭК-ке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 6,8 миллиард теңге МАЭК-тің инвестициялық бағдарламалары аясында, ал 2,6 миллиард теңге Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен бөлінген; – Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет резервінен қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 4,9 миллиард теңге қаржы қарастырылған. ❗️Мемлекет басшысы облыс әкіміне Маңғыстау өңірі энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды.