Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Жамбылинфо Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.