Мемлекет басшысы Румыния Президентін құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Онда бұл жеңістің Румыния халқының жаңа сайланған Президентке және оның елдің дамуына бағытталған бастамаларына білдірген сенімінің айқын көрінісі екені атап өтілген.