Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

The final spritzer

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка басшысы Анура Кумара Диссанаякеге құттықтау жеделхатын жолдап, оны және барша Шри-Ланка халқын ұлттық мерекелері – Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысы жеделхатында Шри-Ланканың орнықты дамуы мен халықаралық аренадағы беделін арттырудағы жетістіктерін атап өтті.

– Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін, – делінген құттықтауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякеге жауапты қызметінде сәттілік, ал Шри-Ланка халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

 

Бақытжан Бекболат