Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қытай үкіметіне 1500 киік беру туралы шешім қабылдады

The final spritzer

Бұл туралы Қазақстан президенті мен Қытай басшысының кешегі келіссөзі барысында айтылды.

Қытайға берілетін 1500 киік сол елдегі киік популяциясын қалыпқа келтіруге бағытталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған шешімді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған және жауапты министрлікке тапсырма жүктеген. 

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді, себебі Қытай киік популяциясын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгін осындай тапсырма түскенін және мәселені пысықтап жатқанын жеткізді.