жұма, 18 сәуір, 2025 22:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады

Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президентке «Қазпошта» АҚ және YTO Express компаниясының бірлескен кәсіпорны «Qazpost – YTO» ЖШС-нің қызметі жөнінде мәлімет берілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді курьерлік желіні дамыту.

Биыл Алматы облысында сұрыптау хабының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Аталған нысан пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

«Qazpost – YTO» ЖШС сұрыптау хабына жақын маңнан Индустриалды парк салуға ниетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бірлескен жобалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, олар мемлекеттер мен халықаралық бизнес арасындағы тиімді ықпалдастықтың үлгісі болуға тиіс екеніне назар аударды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар