Жаңалықтар
Мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірген шенеунік сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 9 наурыз, 2021
- 295
Мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірген шенеунік сотталды
Таразда мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірген шенеунік 3,5 жылға сотталды. Бұл туралы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айырықша маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.
Ол "Жамбыл облысы Мойынқұм және Қордай аудандарындағы уран кен орындарындағы нысандарда қоршауды қалпына келтіру және ескерту белгілерін орнату" бойынша орындалмаған жұмыстарды орындалды деп қабылдау актілеріне қол қою арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, соның кесірінен мемлекетке 50 822 236 теңге көлемінде зиян келтірілді, - деді Биғайдаров.
Ол 3 наурызда Тараз қаласының N2 сотының үкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тәуелсіздік тойына тілек: Бауыржан Халиолла
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024