бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 4:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды

Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндалды

    Қазақстан Үкіметі мемлекттік шығыстар тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайту аясында қаржыны пайдалануды қатаң бақылауға алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

   Мысалы, цифрлық құралдарды енгізу арқылы әлеуметтік саладағы бюджеттік қаражатты игеру реттелді. Атап айтқанда, балабақшаларды қаржыландыруда ашықтық қамтамасыз етілді.

 Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында мектепке дейінгі білім берудің ваучерлік жүйесі пилоттық режимде іске асырылып, 20 млрд теңге үнемделді. Биыл жыл соңына дейін бұл жүйені бүкіл ел аумағына тарату жоспарланып отыр. 

    «Әлеуметтік әмиян» да атаулы мемлекеттік қолдауды күшейту құралына айналуда. Сол арқылы балалардың тамақтануы мен мұқтаж жандарға арналған дәрі-дәрмектер үшін төлем жүргізіле бастады.

    Бұдан басқа, ағымдағы шығыстар, оның ішінде имидждік іс-шаралар және іссапар төлемдері 410 млрд теңгеге қысқартылды.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар