Жаңалықтар
Мемлекеттік айыптаушы Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
- авторjambylinfo.kz
- 31 қазан, 2022
- 202
Мемлекеттік айыптаушы Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталды, деп хабарлайды Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік айыптаушы Лаура Асанова Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевті (облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы) 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сондай-ақ Хаменованың 14 жасқа толмаған баласының бар екенін ескеріп, жазасын үш жылдан кейін өтеуін сұрады. Ол уақытқа дейін пробациялық бақылау қоюды, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін Хаменованы қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады.
Сондай-ақ прокурор соттан Хаменоваға өмір бойына мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыруды сұрады. «Құрмет» орденінен де айыруды сұрады.
«...Құпия әңгіме барысында Хаменова Рысқалиевтен ол ақшаны қайдан және қандай жағдайда алғанын нақтылмайды. Ешқандай талқылау жүргізбейді. Бұл жағдайда Хаменова Рысқалиевтің не туралы айтып тұрғанын түсінеді және бірден алынған параны олардың арасында бөлуге көшеді. Әшкереленбеу үшін ол Рысқалиевке мәдени мекеменің басшысы Аманиязовқа (Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Жәнібек Аманиязов) сақтау үшін 2 миллион 500 мың теңге сомасындағы ақшаның бір бөлігін беруді тапсырады. Осы әңгімеден кейін 30 минуттан кейін Хайменова Рысқалиевті қайта шақырып алған», - деді прокурор Асанова жарыссөз барысында.
Прокурордың айтуынша, егер Хаменова бұл жағдайда пара беруден хабары болмаса, Рысқалиевпен талқылау жүргізуі қажет еді. Сондай-ақ басқа да адамдардың қатысуымен ашық әңгімелесе алатын еді.
Айта кетейік, сот процесі барысында адвокат Нұрлан Жолболов қорғауындағы Ақылбек Рысқалиевтің үш несиесі барын және оларды іс материалдарына енгізуге өтініш жолдады. Прокурор Лаура Асанова бұған қарсы болмады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
ҮГІТ ЖҮРГІЗУДІҢ ДЕ ӨЗІНДІК ТӘРТІБІ БАР
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 желтоқсан, 2024