Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалының директоры Рауан Нұрғалиұлы Садырқұлов Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерді оқытуға қатысты заннамалық актілерге бірқатар енгізілген өзгерістермен таныстырды. Құжаттарды қабылдау 29 маусымға дейін  admission.apa.kz порталында жүргізілетінін атап өтті. Филиалдың Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету кабинетінің жетекші сарапшысы Малик Асанов мемлекеттік қызметшілерді 2023 жылғы Академияға магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын, оқуға қабылдаудың мүмкіндіктері мен шарттарын түсіндірді. Ашық есік күніне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы- Илебаев Лесбек Құралбайұлы; Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары - Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы  алған білімдері мен дағдылары жайлы пікірлерімен бөлісті. Әр жылда Академияны бітірген түлектер мемлекеттік қызметшілерге және БАҚ өкілдеріне  сұхбат беріп, сұрақтарға жауап берді. Ашық есікке арнайы қонақ болып келіп Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры – Баяндин Марат Асылбекұлы өз пікірімен бөлісті.