Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері ҚР президентігіне кандидат ретінде құжат тапсырды

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері ҚР президентігіне кандидат ретінде құжат тапсырды

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Осы заманда елімізге жаңа үрдіс келіп жатқан кезде тек үнсіз көрермен болмай, соған қатысуға бел будым. Атақ үшін түсіп жатқаным жоқ. Барлығымыз жұмылсақ, көтермейтін жүк жоқ деп ойлаймын», - деді Бақыт Жаңабаев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып. Өзінің айтуынша, 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта ҚР Қажы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері.