Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Ұлтымыз үшін ұлық мереке күні облыс орталығындағы Тұңғыш Президент саябағына барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жиналды. Осынау іс-шарадан өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған бағынысты мекемелердің қызметкерлері де қалыс қалған жоқ. width=

Шара барысында Әнұран шырқалып, көк Туымыз желбіреді. Бұдан бөлек, жиналғандар Мемлекеттік рәміздер туралы толыққанды ақпаратқа қанықты. Айта кетейік, 1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері Көк байрақ, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран бекітілді. Олар біздің ұлттық бітім-болмысымыздың және халқымыздың өр рухының символы іспетті.