жексенбі, 24 қараша, 2024 23:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсын өткізу қағидалары

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсын өткізу қағидалары
ашық дереккөзі
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсын өткізу қағидалары
  1. Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мақсатында әзірленді.
  2. Конкурсты өткізудің міндеттері:
- мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту; - мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері туралы мақалалар, бағдарламалар арқылы отандастарымыздың санасын жаңғырту; -  қазақ тіліндегі контентті ұлғайту және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
  1. Конкурс үш номинациядан тұрады:
1) «Үздік мақала»; 2) «Үздік теле-/радиобағдарлама»; 3) «Әлеуметтік желідегі үздік жариялым» (жазба, бейне материалдар)
  1. Конкурсқа кәсіби журналистер (штаттағы және штаттан тыс), телевидение және радио, газет, сайт ұжымдары, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде мақалалар жариялаған Жамбыл облысының азаматтары қатыса алады. Қатысушылардан еліміздегі және шетелдердегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланған (әлеуметтік желілерде үнемі жүйелі түрде қазақ тілінде блог жүргізетіндер, мемлекеттік тілде жарнама жасайтындар, мемлекеттік тілді сауатты жазу мен сөйлеуді насихаттаушылар) мемлекеттік тілді дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту жөніндегі мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі материалдар қабылданады. Материалдар аналитикалық талдаулар, ғылыми зерттеулер, проблемалар мен олардың шешу жолдарына, тіл сауаттылығына негізделуі қажет. Конкурс материалдарында қазақша сөйлеуді ұлттық брендке айналдырудың тиімді жолдары көрсетілгені жөн.
  2. Конкурс материалдарын бағалау критерийлері:
- тақырыпқа сәйкестік; - қамтылған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; - мәселені талдау тереңдігі; - материалды жеткізу шеберлігі. Конкурсқа қатысушы үміткерлердің конкурсқа ұсынған материалдары олардың кәсіби біліктерін, мультимедиалық сторителлинг және заманауи медиа мүмкіндіктерін, мемлекеттік тілді дамытудың заманауи моделін тұтас қоғамға және әрбір жеке оқырманға аша алуы қажет. Конкурсқа ұсынылатын материалдардың авторларының заманауи кәсібиленуі, оның ішінде дата-журналистік қабілеттері де (сапамен де, санмен де жұмыс жасау қабілеті) қаперге алынады. Коммуникативтік ресурстарды орынды қолданып, заманауи медиатехнологияларды дәстүрлі журналистика құралдарымен кіріктіре отырып,  мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде насихаттау, тіл тазалығы мен сауаттылығын,  мемлекеттік тілдің қызметі, даму жолдары мен мемлекеттік тіл саясатының түрлі қырларын, өзекті мәселелерін сапалы, сенімді және нәтижелі түрде баяндау – басты талап. Конкурсқа қатысушылардың қазақтілді контентті қарқынды дамытудың заманауи жолдары мен инновациялық шешімдерін көрсете білуі маңызды. Әлеуметтік ортада, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің нық орнығып, еркін қолданылуында кездесетін кедергілерді айқындай отырып, негізгі шешімдер ұсыну шеберліктеріне мән беріледі.  
  1. Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар