Жаңалықтар

Мемлекеттік тілді білу — өмір талабы, заман сұранасы, қоғам қажеттігі – судья

Сот саласында қазақ тілінің қолдану аясы кеңейіп келеді

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гүлжамал Тәжиева Отанды сүю -  ана тілге деген құрметтен басталатынын айтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Гүлжамал Тәжиева адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі екенін тілге тиек етіп, жастарды ана тілін аяулауға, құрметтеуге шақырды.

Сондай-ақ, судья 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік  мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданғанын, егемендік алғаннан кейін 1995 жылы Ата заңымыздың 7 бабына сәйкес «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл» болып айқындалғанына тоқталған.